Лариджани: Кейбір исламдық елдердің сионистік режим және АҚШ-пен келісімге келуі ұят іс
https://itolqyn.com/news/iran-i26296-Лариджани_Кейбір_исламдық_елдердің_сионистік_режим_және_АҚШ_пен_келісімге_келуі_ұят_іс
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: «Кейбір исламдық елдердің сионистік режим және АҚШ-пен мұсылмандардың үстіне кассеталық бомбаларды тастауға келісуі ұят іс»,-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 20, 2017 14:20 Asia/Almaty
  • Лариджани: Кейбір исламдық елдердің сионистік режим және АҚШ-пен келісімге келуі ұят іс

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: «Кейбір исламдық елдердің сионистік режим және АҚШ-пен мұсылмандардың үстіне кассеталық бомбаларды тастауға келісуі ұят іс»,-деді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани сәрсенбі күні Теһранда Құран Кәрім сайысының 34-ші кезеңінің ашылу рәсімінде ислам елдерінің өзара қайшылықтарын ислам әлемінің қазіргі кездегі ең үлкен індеті деп атап: «Лаңкестік және тәкфирлік ағымдар мұсылмандардың қорлануына себеп болып отыр»,-деді.

Ол лаңкестік топтардың сионистік режим үшін тыныс алар кеңістік тудырғанын айтып: «Кейбір исламдық елдер аймақ мұсылмандарын қатерге тігіп, сионистік режимге астыртын көмектеседі. Олар АҚШ пен сионистік режимнің ынтыландыруын  достық қатынас санайды»,-деді.

Құран Кәрім сайысының 34-ші кезеңі кеше, сәрсенбі күні Теһранда 83 елден келген 276 хафиз бен қаридың қатысуымен басталды.