Рухани: Сайлауға жаппай қатысу – Ислам революциясы жетекшісінің насихаты
https://itolqyn.com/news/iran-i26334
ИИР Президенті сайлауды Иранның мақтанышы, достардың қуанышы және дұшпанның үмітсіздігінің себебі деп атап: «Халықтың дауыс беруге жаппай қатысуы – Ислам революциясы жетекшісінің кеңесі»,- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 21, 2017 18:06 Asia/Almaty
  • Рухани: Сайлауға жаппай қатысу – Ислам революциясы жетекшісінің насихаты

ИИР Президенті сайлауды Иранның мақтанышы, достардың қуанышы және дұшпанның үмітсіздігінің себебі деп атап: «Халықтың дауыс беруге жаппай қатысуы – Ислам революциясы жетекшісінің кеңесі»,- деді.

Иран Президенті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша Хасан Рухани бейсенбі күні Иранның оңтүстігіндегі Парс облысының жастары және көрнекті тұлғаларымен өткізген отырыста алдағы өтетін сайлауға тоқталып: «Ирандықтардың сайлауға жаппай қатысуы Иранның әлем мен тарихтағы мақтанышына себеп болады»,- деп қуаттады.

Иран Президенті Ислам революциясы жетекшісінің хиджри шамси күнтізбесі бойынша  биылғы 1396 жылды «Қарсыласу экономикасы: Өндіріс және жұмыспен қамту» деп атауын еске салып: «Иран жұмыс пен өз мақсатындағы нарыққа қол жеткізуі керек»,- деді.

Рухани Ислам республикасының әрқашан дүниемен сындарлы қарым-қатынас орнатуды мақсат ететінін баса айтып: «Ислам революциясының жетекшісі  жуырда мұнай мен газ саласында 200 миллиард доллар инвестиция салынғанын және бұл салада жергілікті инвестициямен қатар шетелдік инвестицияның қолданылу қажеттігін айтты»,- деді.