Сәу 22, 2017 20:59 Asia/Almaty
  • ІІМ-нің мақсаты – таза сайлау өткізу

Иранның Ішкі істер министрі: «ІІМ таза сайлау өткізу үшін барынша талпыныс жасап, кез-келген бейберекеттікке кесімді түрде қарсылық танытады» деді

Иранның 12-ші президенттік сайлауы қалалық және ауылдық ислам кеңестері сайлауларымен орайлас 19 мамырда өтеді.

ИРНА-ның хабарлауынша, Иранның Ішкі істер министрі Абдолреза Рахмани Фазли сенбі күні Теһранда қоғамдық тәртіп күші қолбасшыларының форумында сөйлеген: «Қауіпсіздік орнату Иран ІІМ-нің басты бағдарына жатады. Қоғамдық тәртіп күші қауіпсіздік орнатудың негізгі факторы ретінде сайлауларда маңызды рөлге ие.

Иран өзінің лаңкестікке қарсы тұрғысына  берік.  Аймақтағы лаңкестердің негізгі демеушілері АҚШ пен Израиль режимі болып табылады. Иран аймақтағы ұлттар мен заңды үкіметтерді одан әрі қолдайды.

Егер Иран болмағанда, лаңкестер өздерінің қатыгез рухымен аймақтық қауіп-қатерлерді арттыратынын аймақ халқы жақсы біледі. Иран осы қауіп- қатерлерге тосқауыл қою үшін аймақта әсерлі құзырға ие» деді.

 

 

Тегтер