Шамхани: Қазіргі жағдайда Американың тұрғысы әлсіз
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы: «Қазіргі жағдайда Американың тұрғысы әлсіз, өйткені Еуропа енді осы елге еруге қызықпайды» деді.
Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің сенбі күнгі хабарлауынша, Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани Францияның «Le Monde» газетіне берген сұхбатында: «Иран еуропалық компаниялардың инвестиция салуын қолдайды. Иранның табиғи қоры мен газы екі тарап арасында ынтымақтастық үшін мұрсат болып табылады» деді.
Әли Шамхани сөзінің жалғасында АҚШ-тың жуырдағы әрекеттері, соның ішінде сәуір айының 7 күні Сирияға жасаған шабуылы туралы: «АҚШ-тың аймақтық одақтастары осы елді Таяу Шығыс дағдарысының батпағына батыруды көздейді. Вашингтон да бұрынғы ағаттықтарын қайталамақ.
Иран Американың Идлиб облысының оңтүстігіндегі Хан-Шейхун қаласына химиялық шабуыл жасалды деген желеумен Сирияға жасаған шабуылын айыптап, Сирия үкіметі ондай әрекетке бармады деп санайды. Өйткені, Сирияның заңды үкіметі өзінің химиялық заттарын 2013 жылы Химиялық қаруларға тыйым салу халықаралық конвенциясының қадағалауымен тапсырып, оның көзін жойған деген сенім ұстанады.
Иран бір мезгілде Сирия үкіметі мен оның қарсыластарын келіссөз өткізуге ынталандырды. Астана келіссөздері Сирияда мықты да баянды ымыраға кепіл бола алады деп есептейді» деді.