Исламдық маңызды қалалар – ислам өркениетінің ең үздік белгілері
ИИР президенті: «Исламдық өркениетті түсіну үшін ең үздік жол кітап оқып, бұрынғылардың шығармаларын зерттеп, исламдық маңызды қалалардың сәулет өнерін тамашалау болып табылады» деді.
Хасан Рухани Қазвинде исламдық қалалар әлемдік ассамблеясының бесінші халықаралық саммитінде сөйлеген сөзінде: «Исламдық өркениетті түсіну үшін исламдық маңызды қалалар мен Шығыстағы, Үнді түбегі, Жерорта теңізі жағалауы мен Африканың солтүстігіндегі және Таяу Шығыстағы маңызды елдерде, соның ішінде Иранда қалған сәулет өнерінің ескерткіштерін көру керек.
Әлемнің түрлі елдерінде, соның ішінде ислам елдеріндегі өркениеттік ірі ескерткіштер халықтың мәдениеті мен наным-сенімінен бастау алған» деді.
Ол әртүрлі елдердің қалаларының Иранның қалаларымен жақынырақ байланыс орнатуы қажеттігін қуаттап, қалаларды басқарып, туризмді дамыту үшін елдірдің бір-бірінің тәжірибелерін пайдалануы керектігіне кеңес берді.