Рухани: Иран даму жолына түсті
ИИР Президенті: «Исламдық Иран даму жолына түсті. Сондықтан ядролық келісімнен кейінгі қауіпсіз кеңістікті ішкі өнім өндіруді арттырып, Иранның дамуы үшін пайдалану керек»,- деді.
Иран Президенті Хасан Рухани жексенбі күні Қазвин облысының экономикалық және инфрақұрылымдық жобаларын іске қосу рәсімінде сөйлеген сөзінде: «Ядролық мәселеге қатысты келісімнен кейін экспорт пен импорттың шарттары жеңілдеген қазіргі кеңістікті ирандық өнімдерді экспорттау үшін пайдалану керек»,- деді.
Рухани Ирандағы адами күш пен көптеген шикізатқа тоқталып: «Иранда мұнай-химиялық өнімнің деңгейі шамамен 9 миллион тоннаға артты. Мұнайдан басқа заттар экспорты мен мұнай-газ, әртүрлі өнеркәсіп пен кен өндірісі жақсы ілгеріледі»,- деп мәлімдеді.
Иран Президенті сонымен бірге Иран халқының мамыр айының 19 күні өтетін сайлауларға жаппай қатысатындығына тоқталып: «Халық сөзі, әрекеті және даусымен басшыларға қалауын жеткізуі қажет»,- деп қуаттады.