Сәу 24, 2017 23:11 Asia/Almaty
  • Иранның он екінші президенттік сайлауы әлемнің 102 елінде өтеді

Иранның Сайлау штабының хатшысы Иранның он екінші президенттік сайлауының әлемнің 102 елінде өтетінін хабарлады.

Әли Пурәли Мотлақ Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Иранның президенттік сайлауын өткізуге қатысты барлық тиісті нәрселер осы елдердегі Иран ислам республикасының өкілдіктеріне жөнелтілді» деді.

Иранның он екінші президенттік сайлауы қалалық және ауылдық ислам кеңестері сайлауларымен бір мезгілде 19 мамырда өтеді.

 

 

Тегтер