Мир Джаведе лаңкестік шабуыл жасағандар анықталып, жазалануы тиіс
ИИР Президенті Пәкістан үкіметінен жауапкершілікпен әрекет етіп, сәрсенбі күні кешке Ираның оңтүстік-шығысындағы Систан мен Белучистан облысының Мир Джаве шекаралық аймағындағы ирандық шекарашыларға лаңкестік шабуыл жасағандарды тез арада анықтап, жазалауды сұрады.
Хасан Рухани Мир Джаведе болған лаңкестік оқиғада бірқатар шекарашының қаза болып, жаралануына байланысты көңіл айтып, Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі мен Сыртқы істер министрлігінен нәтижеге жеткенге дейін осы мәселені жіті бақылап, осындай пасық әрекеттердің қайталануының алдын алуды сұрады.
Сәрсенбі күні кешке Иран мен Пәкістан шекарасындағы бейтарап зонада жасырынған лаңкестердің әрекетінен Иранның Систан мен Белучистан облысының Мир Джаве шекаралық аймағындағы 10 шекарашы патрульдік әрекет барысында шәһид болды.