Сайлау – дұшпанды тежеу жолындағы үлкен қадам
(last modified Fri, 28 Apr 2017 11:53:46 GMT )
Сәу 28, 2017 17:53 Asia/Almaty
  • Сайлау – дұшпанды тежеу жолындағы үлкен қадам

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Лариджани халықты сайлауға кең түрде қатысуға шақырып, сайлауды дұшпанды тежеу жолындағы үлкен қадам деп атады.

Әли Лариджани Иранға абырой-бедел әкелетін факторды сайлауды салтанатты түрде өткізу деп атап: «Халықтың қатысуы дұшпандардың сағын сындырады.  Өз тағдырына әрдайым көңіл аударып, саяси сахнаға шығып отыратын халық қана қырағы саналады. Алдағы президенттік сайлауға қатысып, елдің қиындықтарын қуатты үкімет таңдау арқылы шешу керек. Ұлттық бірлік ұлттың мерейінің артуына себеп болады. Аймақты бейберекеттік жайлаған жағдайда Иранда тұрақты қауіпсіздік орнаған»,-деді.

Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы елдің құрметке ие жағдайының ішкі тілеулестіктен туындағанын айтып: «Демократиялық жүйеде пікір қайшылығының болуы – қалыпты іс. Алайда бұл дұшпандыққа айналып кетпеуі керек. Егер Иран өндіріс бағытында әрекет етсе, қиындықтарды шешуге болады. Бірақ бұл жеңіл-желпі істермен орындалмайды»,-деді.

Иранда президенттік сайлаудың он екінші кезеңі қалалар мен ауылдардағы исламдық кеңестерге сайлаудың бесінші кезеңімен бір мезгілде 2017 жылдың 19 мамырында өтеді.