Теһран жұма намазының құтпалары
https://itolqyn.com/news/iran-i26546-Теһран_жұма_намазының_құтпалары
Теһран жұма намазының имамы: "Иран халқының 2017 жыл, мамырдың он тоғызы күнгі сайлауға барынша және жаппай қатысуы дұшпандарды таң қалдырып, үмітсіздендіреді",- деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 29, 2017 14:25 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының имамы: "Иран халқының 2017 жыл, мамырдың он тоғызы күнгі сайлауға барынша және жаппай қатысуы дұшпандарды таң қалдырып, үмітсіздендіреді",- деді.

Аятолла сейіт Ахмад Хатами осы аптадағы Теһран жұма намазының құтпаларында Иран исламдық жүйесінің басымдылығын халықтың он тоғызыншы мамыр күнгі сайлауға айбынмен қатысуы деп атап: "Дұшпанның бұқаралық ақпарат құралдарының Ирандағы сайлауларға жоспарлы түрдегі араласушылығы халықтың жаппай қатысуымен жеңіліс табады",- деп мәлімдеді.

Сонымен қатар, Теһран жұма намазының имамы Пәкістан шекарасындағы Иран Ислам Республикасы шекарашыларының шәһид болуына сілтеме жасап, қаза болған шекарашылардың отбасыларына көңіл айтып: "Иран СІМ мұндай лаңкестік шабуылдардың қайталануына тыйым салу мақсатында Пәкістанға қарсы лайықты әрі кесімді тұрғы ұстануы керек.

Пәкістан жері лаңкестердің панасына айналмауы тиіс. Себебі, мұндай жағдай мен бұл елден Иранға қарсы лаңкестік шабуылдардың жалғасуы Пәкістанға зиян келтіреді",- деді.