Руханидің қатысуымен "Парсы Шығанағы жұлдызы" мұнай өңдеу кәсіпорнының алғашқы фазасы ашылды
(last modified Sun, 30 Apr 2017 16:31:13 GMT )
Сәу 30, 2017 22:31 Asia/Almaty
  • Руханидің қатысуымен

ИИР президенті Иранның оңтүстігіндегі Һормозган облысында күніне 120 мың баррель газ өнімдерін өндіру әлеуетіне ие "Парсы Шығанағы жұлдызы" мұнай өңдеу кәсіпорнының алғашқы фазасын ашты.

ИИР президенті Хасан Рухани "Парсы Шығанағы жұлдызы" мұнай өңдеу кәсіпорнының алғашқы фазасын пайдалануға беру рәсімінде: «Осы жобаны пайдалануға беру және жағармай өндіруде өзін-өзі қамтамасыз ету Иран халқы үшін мақтаныш болып табылады» деді.

Бензин импортына тәуелді болмау, жұмыспен қамту және шикізат сатудың алдын алу, Иранның Парсы Шығанағы өңірінде жағармай өндіруші мен экспорттаушыға айналуы, қоршаған орта көрсеткіштерін жақсартуға көмектесіп, Иранда индустриалды ластаушыларды бақылауға алу "Парсы Шығанағы жұлдызы" мұнай өңдеу кәсіпорнын іске қосудың жетістіктері саналады.