Сайлауларға қатысу Иранды дұшпанның арам пиғылынан сақтайды
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі: «Халықтың барлық топтарының сахнада болуы әрдайым Иран халқын дұшпандардың соғыс ашу және қолсұғушылығынан қорғап, сайлаудағы шешуші құзыры Иранды дұшпанның арам пиғылынан сақтайды» деді.
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи мыңдаған жұмысшылар мен жұмыс берушілерді қабылдауында: Иран халқының сайлауларға қатысуы ұлттық қауіпсіздік мәселесінде шешуші рөл атқарады. Егер халық дауыс беру орындарына келсе, Иранның қауіпсіздігі сақаталады.
Ешқашан біреуге дауыс беріңдер немесе бермеңдер деп айтпаймын, бірақ дауыс беруге барыңдар және қалаған кісілеріңе дауыс беріңдер деймін. Халықтың сахнада болуынан сескену дұшпандардың Иранға қарсы кез- келген қатты әрекетке барудан бас тартуының негізгі себебі болып табылады, өйткені дұшпандар халықтың сахнада болуынан шынымен қорқады» деді.
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі халықтың жүйемен терең байланысы мен өткен қырық жылда қиын-қыстау кезеңдерде онымен бірге болуына алғыс айтып: «Ислам республикасының аймақтағы бүгінгі ілгерілеушілігі, айбыны, абыройы, ұлылығы мен ыпқалы халықтың жүйемен бірге болуы мен оған тілектестігіне қарыздар» деді.
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі өзінің құзырын Ираннан соғыс көлеңкесінің алыстауына себеп болды дейтін кісілерді сынап: «Бұл сөздер бұрыс. Шын мәнінде, халықтың сахнада болуы соғыс пен қолсұғушылықтың Ираннан алшақтауына себеп болып отыр» деді.
Хазірет аятолла Хаменеи Иранның президенттік сайлауындағы алты үміткерге де ниеттерін Құдай жолына бағыттап, халыққа, әсіресе әлсіз топтарға қызмет ету үшін майданға келуді және әлсіз топтарды қолдауға кеңес берді.
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі сондай- ақ түрлі елдерде жұмысшылардың саяси және әлеуметтік рөл атқаруына және революцияның алғашқы күндерінен дұшпандардың жұмысшы қоғамын ислам республикасына қарсы қоюға жасаған ұмтылыстарына сілтеме жасап: «Сондай талпыныстарға қарамастан, жұмысшылар әрдайым жүйеге жақтас болып, оны қолдады. Шын мәнінде, жұмысшылардың діндар әрі белсенді қоғамы осы жылдары елдің дұшпандарына соққы берді» деді.