Иран президенті сайлауының төрт үміткері сайлау алдындағы үгіт-насихаттарын жариялады
(last modified Mon, 01 May 2017 07:43:15 GMT )
Maм 01, 2017 13:43 Asia/Almaty
  • Иран президенті сайлауының төрт үміткері сайлау алдындағы үгіт-насихаттарын жариялады

Иран президентігіне алты үміткердің ішіндегі төрт кандидат, яғни Хасан Рухани, Ибраһим Раиси Саадат, Исхақ Джахангири және Мұстафа Ағамисалим жексенбі күні әртүрлі бағдарламалар аясында түрлі салалардағы өз саясаттары жайлы сөз сөйледі.

Иранның қазіргі президенті әрі президент сайлауының он екінші кезеңінің үміткері Хасан Рухани жексенбі күні Иранның оңтүстігінде орналасқан Хормозган облысы халқының алдында сөйлеген сөзінде: "Бүгінгі күнде Иран экономика, ғылым және халықаралық салаларда дамыған және ешқашан артқа шегінбейді»,- деді.

Рухани 2017 жылдың мамырдың он тоғызын Иранның барша халқы үшін тарихи маңызды күн деп атап: "Біз зорлық-зомбылық пен әсірешілдікті көздемейміз. Біз Иранның өз-өзіне жеткіліктілік, ар-намыс, табаындылық, өндіріс, тыныштық және ілгерілеу жолын жалғастырамыз",- деді.

Ибраһим Раиси Саадат Қазвин облысында халықтың алдында Иранды көптеген материалдық ресурстар мен маман күштерге бай мемлекет деп атап: "Елдегі бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып, кедейшілікпен күресуге және жұмыссыздық дағдарысын шешуге болады",- деп мәлімдеді.

Исхақ Джахангири жексенбі күні Иран Телерадио бірлестігіндегі өзінің үгіт-насихаттық сөздерін жазғаннан кейін тілшілердің алдында сөйлеген сөзінде: "Барлық талпыныстар халықтың хабардарлығын арттыру мен түйткілдерді анықтап, олардың шешім жолдарын ұсыну болып табылады. Халық лайықты таңдау жасайды деп үміттенеміз",- деді.

Иран президенттігінің келесі үміткері Мұстафа Ағамисалим телеарнаға берген сұхбатында: "Халықтың өмір сүру жағдайы жасқаруы үшін өндіріс пен жұмыспен қамту ісі дамуы үшін қажет барлық жағдайды жасауымыз керек",- деді.