Жұмысшылар - Иран халқының мақтанышы
https://itolqyn.com/news/iran-i26646
ИИР президенті Рухани Халықаралық жұмысшылар күнін атап өту рәсімінде жұмысшыларды экономика мен Иран халқының мақтанышы деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 01, 2017 22:08 Asia/Almaty
  • Жұмысшылар - Иран халқының мақтанышы

ИИР президенті Рухани Халықаралық жұмысшылар күнін атап өту рәсімінде жұмысшыларды экономика мен Иран халқының мақтанышы деп атады.

Президент әкімшілігінің ақпарат тарату торабының мәлімдеуі бойынша ИИР президенті Хасан Рухани дүйсенбі күні Теһранда Иран ислам республикасының негізін қалаушы имам Хомейнидің кесенесінде өткен халықаралық «Жұмысшылар күнін" атап өту рәсімінде: «Ирандық өнім әлемге экспортталған кезде жұмысшылар көбірек ғиззат және ықыласпен жұмыс істейді. Бүгінде көптеген ирандық өнімдер Солтүстік, Батыс және Шығыс елдеріне экспортталады. Бүгінде Солтүстік елдерінің нарығы ирандық өнімдерді кең көлемде импорттауға дайын. Бірақ Иранның осыншама көлемде экспорттауға дайындығы жоқ» деді.

Халықаралық «Жұмысшылар күнін" атап өту рәсімімен орайлас әлеуметтік қамсыздандыру ұйымына кіретін 42 миллион адамға қамсыздандыру және емдеу қызметін ұсынудың жағдайын жақсартып, кеңейту бағытында Иранның жеті облысында: Хузестан, Илам, Семнан, Мазендеран, Батыс Әзірбайжан, Керман және Күрдістанда видео конференция арқылы жеті емдеу орталығы пайдалануға берілді.

Халықаралық «Жұмысшылар күнін" атап өту рәсімінде 15 жұмысшы мен еңбек және өндіріс қоғамының үлгілі бөлімшелері марапатталды.

 Бүгін 1 мамыр – халықаралық «Жұмысшылар күні".