Иран президенттігіне үміткерлердің үгіт- насихаттары жалғасуда
Иранның он екінші президенттік сайлауының үміткерлері насихаттық бағдарламаларының жалғасында ел басқару туралы стратегияларын ұсынды.
Сейіт Ибрахим Раиси Садат жексенбі күні кешке Иранның бірінші арнасынан көрсетілген "Камерамен бірге" атты бағдарламада өз үкіметінің жылына бір миллион адамды жұмыспен қамти алатыны айтып: «Осы уәдені жүзеге асыру үшін жылыжай шаруашылығы мен өнеркәсіп және кен істерін арттырып, бір миллион адамды жұмыспен қамтудың 60 пайызын қызмет көрсету саласында қалыптастыруға болады» деді.
Мұхаммад Бағер Ғалибаф та жексенбі күні кешке Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігіне берген сұхбатында өндірушілер мен кәсіпорын иелерін қолдау керектігін баса айтып: «Қауіпсіздік инвестиция қалыптастырады, бірақ қоғамның екіге бөлінбеуі үшін делдалдықтың алдын алу керек» деді.
Ирандағы он екінші президенттік сайлау 2017 жылы 19 мамырда өтеді.