Экономика және жұмыспен қамту – президент сайлауы үміткерлерінің үгіт-насихаттық тақырыптары
(last modified Tue, 02 May 2017 09:44:13 GMT )
Maм 02, 2017 15:44 Asia/Almaty
  • Экономика және жұмыспен қамту – президент сайлауы үміткерлерінің үгіт-насихаттық тақырыптары

Ирандағы президенттік сайлаудың алты үміткері экономика, жұмыспен қамту және халықтың тұрмысына қатысты мәселелерді өздерінің ең маңызды үгіт-насихаттық бағдарламалары ретінде жариялады.

Иранның қазіргі президенті әрі 12-ші президенттік сайлаудың үміткері Хасан Рухани дүйсенбі күні Жұмысшылар күніне арналған Теһранда өткен рәсімде қорғалмаған еңбекті ең жаман қауіп деп атап, талпынысының жұмысшының келешегі мен тұрмысын қамтамасыз ету екендігін айтты.

Мұстафа Ағамирсалим де Құм қаласында елдегі контрабанда және бұзақылықпен күресті қуаттап, контрабанданы Иран экономикасының төмендеуінің ең маңызды себебі деп атап: «Ирандық өндірушілерді қолдаудың арқасында әлеммен бәсекеге түсуге болады. Ішкі қажеттілікті шешіп, ирандық өнімді әлемгі экспорттау қажет»,- деді.

Исхақ  Джахангири «Твиттердегі» парақшасында: «Иран экономикасының машинасы жолға түсіп, жоғары жылдамдықпен алға ілгерлеуге дайын»,- деп жазды.

Ибраһим Раиси Саадат Иран Телерадио бірлестігінде сайлауға қатысты бағдарламаға қатысқан соң жыл сайын бір миллион жұмыс орның ашуды өзінің келесі бағдарламаларының бірі деп жариялап: «Бұл мөлшер 1 500 000-нан асуы мүмкін»,- деді.

Мұстафа Хашимитаба да Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің журналистеріне берген сұхбатында экономикалық бұзақылық және олармен күресу жолдары туралы айтқан сөзінде басшыларды осы мәселеге ерекше көңіл бөлуге шақырды.

Мұхаммад Бақер Қалибаф та Иран Телерадио бірлестігінде сайлауға қатысты өз бағдарламасын жазу аясында: «Жұмыссыздық пен жұмыс орындарын ашу – Иранның бүгінгі ең маңызды мәселесі. Сондықтан келешек үкімет жұмыспен қамту мәселесін күн тәртібіне қоюы керек»,- деді.