Рухани: Иранның көлік жасау өнеркәсібі әлемдік бәсекеге енеді
https://itolqyn.com/news/iran-i26678
Ирандық-француздық "IKAP" компаниясының "DENA+" және "Peugeot 2008" көлігін көптеп өндіру ісі Иран президентінің қатысуымен "Iran Khodro" индустриалдық тобының орталық нысанында басталды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 02, 2017 21:26 Asia/Almaty
  • Рухани: Иранның көлік жасау өнеркәсібі әлемдік бәсекеге енеді

Ирандық-француздық "IKAP" компаниясының "DENA+" және "Peugeot 2008" көлігін көптеп өндіру ісі Иран президентінің қатысуымен "Iran Khodro" индустриалдық тобының орталық нысанында басталды.

Хасан Рухани осы екі көлікті көптеп өндіруді бастау рәсімі аясында сөйлеген сөзінде: «Иранның экономикалық тәуелсіздігі, өзіне иек артуы мен өзін-өзі қамтамасыз етуі ұлттық өндірісті дамытуға қарыздар. "DENA+" – жүз пайыз ирандық көлік. "Peugeot 2008" тең мөлшерде инвестиция салу арқылы өндіріліп жатқан Иран мен Францияның ортақ өнімі болып табылады» деді.