Білімқұмарлық – ирандықтардың басты ерекшелігі
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы білімқұмарлық пен басқа елдерден мәдениетінің өзгешелігін ирандықтардың басты ерекшелігі деп атады.
Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Әли Лариджани сейсенбі күні Теһранда Халықаралық кітап көрмесінің ашылу рәсімінде білімқұмарлықтың ирандықтардың бойында ежелден келе жатқан қасиет екенін қуаттап: «Мұсылмандардың қасиетті Құран кітабы мен хадис кітаптарында білім мен рационалдық басқа тақырыптардан көбірек кездеседі»,- деді.
Лариджани ИИР-ында әртүрлі салаларда жақсы кітаптардың ұсынылатындығына сілтеме жасап, Иранның әлем бойында кітап саласында өз орнын тапқанын қуаттады.
Бүгін Теһранда Халықаралық кітап көрмесі «Бір кітап артығырақ оқиық» деген ұранмен ашылды. Бұл көрме мамырдың 13-не дейін жалғасады.