Нетаньяху «UNESCO» ұйымында Израильге қарсы қарардың бекітілуіне ашу білдірді
https://itolqyn.com/news/iran-i26714
Сионистік режимнің премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі «UNESCO» Ұйымының атқарушы комитетінде Израильге қарсы қарардың бекітілуіне ашу білдірді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 03, 2017 21:14 Asia/Almaty
  • Нетаньяху «UNESCO» ұйымында Израильге қарсы қарардың бекітілуіне ашу білдірді

Сионистік режимнің премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі «UNESCO» Ұйымының атқарушы комитетінде Израильге қарсы қарардың бекітілуіне ашу білдірді.

«UNESCO» Ұйымының атқарушы комитеті қарар бекітіп, сионистік режимді "Бейт әл- Мұқаддас" және Газа секторында халықаралық ережелерді бұзып отыр деп айыптады. Нетаньяху «UNESCO» қабылдаған қарарды ақымақтық деп атап: «Құдс қаласы ешбір ұлт үшін еврейлердің арасындағыдай қасиетті және маңызды емес» деген уәж айтты. Сионистік режимнің Құдс қаласына ықпалы мен құзырын ешқашан халықаралық қауымдастық мойындаған емес.