Ирандағы президенттік сайлаудағы алты үміткердің насихаттық бәсекелестіктері жалғасуда
(last modified Wed, 03 May 2017 16:54:16 GMT )
Maм 03, 2017 22:54 Asia/Almaty
  • Ирандағы президенттік сайлаудағы алты үміткердің насихаттық бәсекелестіктері жалғасуда

Ирандағы он екінші президенттік сайлаудағы алты үміткер сейсенбі күні өздерінің сайлауалды насихаттары шеңберінде түрлі бағдарламаларға қатысты.

Хасан Рухани "Джам-е Джам" арнасынан таратылған шетелдегі ирандықтарға жауап беру бағдарламасында жастарды жұмыспен қамту және халықтың күнкөріс мәселесінің алдағы төрт жылда өз үкіметінің негізгі мәселесі болатынын мәлімдеді.

Рухани сондай-ақ өзінің алдағы саясаттары туралы қарсыласу өзегі мен Палестина халқына қолдау көрсету, сионистік заңсыз режимнің аймақтағы шаралары мен түйткілдеріне тосқауыл қою, лаңкестік пен лаңкестік топтарға тосқауыл қою, Иранға үрке қарау жобаларының алдын алуды, ұлттық мүдде бойынша көрші елдер, аймақ және әлеммен сындарлы әріптестік жасауды, ұлттық бірлікті сақтап, барлық қауымдар мен түрлі мазхабтарды құрметтеуды қуаттады.

Исхақ Жаһангири де бірінші арнаның" Камерамен бірге" атты бағдарламасында: «Әйелдердің құрметі мен құқығын сақтауды, технология мен экспортты дамытуды, әлеммен экономикалық белсенді дипломатияны жалғастыруды, сыртқы байланыстарды кеңейтіп, шетелдік инвестицияны тартып, туризмді дамытуды, жол , темір жол және әуе тасымалын дамытып, қоршаған ортаға, әсіресе су саласына көңіл бөлуді өз үкіметінің алдағы басты бағдарлары деп атады.

Ибрахим Раиси де Иранның батысында Керманшах халқының алдында: «Иран жихадтық басқарушылықпен бағалы мәртебе мен көзге түсерлік ілгерілеушіліктерге жеткен. Әлемдік айдында Иранның қазіргі айбындылығына жағдай жасалған» деді.

Мұхаммад Бағер Ғалибаф та Теһранда өзінің насихаттық бағдарламаларының жалғасында: «Иран мұнай мен газ, адами байлық саласы мен жағырапиялық және климаттық тұрғыдан мол байлықтарға ие. Осы мүмкіндіктерді ел басқару үшін дұрыс пайдалану керек» деді.

Мұстафа Һашемитаба да Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігіне берген сұхбатында жұмыс беру мәдениетін қуаттады.

Мұстафа Ағамир Салим Теһрандағы имам Садық (ғ) университетінің студенттері алдында сөйлеген сөзінде: «Елдегі қиыншылықтарды шешу үшін халықтың атсалысуы мен қадағалауынан өзге жол жоқ» деді.