Саудия тақ мұрагерінің жауластық сипаттағы сөздері – аймақтағы бүлдіргі саясаттарының айқын дәлелі
https://itolqyn.com/news/iran-i26736
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Ғасеми Сауд Арабиясы тақ мұрагерінің өз елінің бір ақпарат құралына берген сұхбатында айтқан жауластық сипаттағы сөздеріне реакциясында: «Бұл сөздер – саудиялықтардың аймақта лаңкестікті таратып, Иранға қатысты шиеленіс тудыратын бүлдіргі саясат ұстанып отырғанының айқын дәлелі.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 04, 2017 14:59 Asia/Almaty
  • Саудия тақ мұрагерінің жауластық сипаттағы сөздері – аймақтағы бүлдіргі саясаттарының айқын дәлелі

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Ғасеми Сауд Арабиясы тақ мұрагерінің өз елінің бір ақпарат құралына берген сұхбатында айтқан жауластық сипаттағы сөздеріне реакциясында: «Бұл сөздер – саудиялықтардың аймақта лаңкестікті таратып, Иранға қатысты шиеленіс тудыратын бүлдіргі саясат ұстанып отырғанының айқын дәлелі.

Мұхаммад бен Салманның сөздері ең оптимистік көзқарас бойынша оның аймақтағы жағдайды дұрыс түсінбеуінен айтылды»,-деді.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы аймақтың қазіргі жағдайының осындай сындарсыз сөз айтуды көтермейтінін айтып: «ИИР-ның соңғы жылдары өз сөзі және ісімен көрсеткен нәрсесі аймақтың барлық елдерімен түсіністікке келіп, әріптестіктің есігін ашу үшін ортақтықтарды пайдалануға талпынуы болды. Шиеленіске толы Батыс Азия аймағы басқа аймақтардан көбірек елдердің арасында түсіністік пен әріптестікті қажет етіп отырған жағдайнда айтылған мұндай сөздер саяси қырағылықтан алыс бұрыс әрекет әрі стратегиялық қателік саналады»,-деді.