Maм 06, 2017 14:49 Asia/Almaty
  • Өткен жылы Иранда 30 лаңкестік топ жойылды

ИИР Барлау министрі: ""Имам Заманның белгісіз сарбаздары" өткен жылы (х.ш.ж.с.б. 1395 жылы) халық көп шоғырланған жерлерде лаңкестік әрекет жасауды мақсат тұтқан 30 лаңкестік топтың көзін жойды»,-деді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  ИИР Барлау министрі Махмұд Алави жұма күні Теһран жұма намазы құтпаларынан бұрын сөйлеген сөзінде: «Х.ш.ж.с.б. 1393-94 ж.ж. Иранда 45 лаңкестік топтың көзі жойылды. Бұл лаңкестік топтардан өте көп қару-жарақ, құрал-жабдық пен оқ-дәрі табылды. Соның ішінде 108 магниттік бомба мен 15 жарылғыш желетке бар. ИИР Барлау министрлігі шетелдік барлау қызметтерінің іс-қимылдарын жіті бақылап отырғандықтан, көптеген тыңшылық әрекеттерді анықтады»,-деп баса айтты.

 

Тегтер