Maм 06, 2017 15:06 Asia/Almaty
  • Ирандағы президенттік сайлаудың он екінші кезеңіне үміткерлердің екінші пікірталасы өтті

Жұма күні ИИР Телерадио бірлестігінде Ирандағы президенттік сайлаудың он екінші кезеңіне (19 мамыр 2017 жыл) үміткерлердің екінші пікірталасы 6 үміткердің қатысуымен мәдени және саяси мәселелер тақырыбында өтті.

Ирандағы президенттік сайлаудың он екінші кезеңіне үміткерлер осы пікірталаста Исламдық Иранның қорғаныс қабілеті, ұлттық қауіпсіздігі,  мәдениеті, сыртқы саясаты, ғылыми-көркемдік дамуы, білім беру сапасын жоғарылатуы және ядролық тақырып пен санкциялар туралы өз көзқарастарын білдірді.

Ирандағы президенттік сайлаудың он екінші кезеңіне үміткерлердің бірінші пікірталасы өткен жұма, 28 сәуірде әлеуметтік тақырыпта өткен болатын.Ирандағы президенттік сайлаудың он екінші кезеңінің үгіт-насихат комиссиясының хабарлауы бойынша,   президенттік сайлаудың он екінші кезеңіне үміткерлердің үшінші пікірталасы алдағы жұма, 12 мамырда экономика тақырыбында өтеді.

Тегтер