Теһран жұма намазының құтпалары
Maм 06, 2017 15:11 Asia/Almaty
Теһран жұма намазының құтпагері президенттік сайлау үдерісі барысында Иранда ұлттық бірлік пен саяси біртұтастықтың сақталуы керектігін қуаттады.
Аятолла Мұхаммад Имами Кашани осы аптадағы Теһран жұма намазының құтпаларында: «Иран Президентін сайлау маңызды іс, алайда одан да маңызды мәселе – елдің біртұтастығы мен Иран халқының бірлігі. Өйткені, бұл халық өткен 38 жылдың ішінде Иран Ислам революциясын жанпидалықпен қолдап, революцияны аймақ пен әлемдегі қазіргі орнына жеткізді»,-деді.
Имами Кашани дұшпандардың Иран Ислам революциясына ықпал етіп, соққы беру үшін жобалаған қастандықтарына тоқталып: «Ирандағы сайлауалды үгіт-насихат науқаны мен сайлау барысында кейбір мәселелерді көтеру арқылы қоғамның тыныштығын бұзуға болмайды»,-деді.
Теһран жұма намазының құтпагері Ирандағы президенттік сайлауға үміткерлердің қоғамның рухани жағдайы мен бірлігіне көңіл аударуы қажеттігін қуаттап: «Қандай жағдай болса да, елдің саяси біртұтастығы сақталып, дұшпандардың Иран халқының бірлігіне соққы беруге бағытталған қастандығы сәтсіздікке ұшырауы тиіс»,-деді.
Тегтер