Теһран жұма намазының құтпалары
https://itolqyn.com/news/iran-i26782-Теһран_жұма_намазының_құтпалары
Теһран жұма намазының құтпагері президенттік сайлау үдерісі барысында Иранда ұлттық бірлік пен саяси біртұтастықтың сақталуы керектігін қуаттады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 06, 2017 15:11 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының құтпагері президенттік сайлау үдерісі барысында Иранда ұлттық бірлік пен саяси біртұтастықтың сақталуы керектігін қуаттады.

Аятолла Мұхаммад Имами Кашани осы аптадағы Теһран жұма намазының құтпаларында: «Иран Президентін сайлау маңызды іс, алайда одан да маңызды мәселе – елдің біртұтастығы мен Иран халқының бірлігі. Өйткені, бұл халық өткен 38 жылдың ішінде Иран Ислам революциясын  жанпидалықпен қолдап,  революцияны аймақ пен әлемдегі қазіргі орнына жеткізді»,-деді.
Имами Кашани дұшпандардың Иран Ислам революциясына ықпал етіп, соққы беру үшін жобалаған қастандықтарына тоқталып: «Ирандағы сайлауалды үгіт-насихат науқаны мен сайлау барысында кейбір мәселелерді көтеру арқылы қоғамның тыныштығын бұзуға болмайды»,-деді.
Теһран жұма намазының құтпагері Ирандағы президенттік сайлауға үміткерлердің қоғамның рухани жағдайы мен бірлігіне көңіл аударуы қажеттігін қуаттап: «Қандай жағдай болса да, елдің саяси біртұтастығы сақталып, дұшпандардың Иран халқының бірлігіне соққы беруге бағытталған қастандығы сәтсіздікке ұшырауы тиіс»,-деді.