Сауд Арабиясының Ауғанстанда әл- Каидаға берген миллиард долларлық көмегі әшкереленді
(last modified Wed, 03 Feb 2016 03:21:43 GMT )
Ақп 03, 2016 09:21 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясының Ауғанстанда әл- Каидаға берген  миллиард долларлық көмегі әшкереленді

Сауд Арабиясы ІІМ- нің ақпарат хатшысы осы елде Ауғанстандағы «әл- Каида» лаңкестік тобына демеушілік үшін миллиард долларлық көмек жиналғанын мойындады.

«Alalam» арнасының сейсенбі күнгі хабарлауынша, Сауд Арабиясы ІІМ- нің ақпарат хатшысы Мансур әл- Түрки біраз уақыттан бері Сауд Арабиясының қаржы жүйесінде миллиардтаған долларлық көмектердің жиналып жатқанына сілтеме жасап: «Кейбір адамдар қайырымдылық жұмыстар деген атты жамылып, халықты оларға ақша беруге көндірді.

Олар халыққа олардың берген қаржыларының кедей-кепшіктерге жұмсалатынын айтқандарымен, бірақ, өкінішке орай сол ақшалар Ауғанстандағы «әл-Каидаға» қаржылай қолдау көрсету үшін пайдаланылады» деді.

Сауд Арабиясы ІІМ- дегі қаржы істерін қадағалау бас басқармасы осыдан бұрын 2014 жылы ақшаның жылыстауы және лаңкестікке қаржылай демеушілік жөнінде шағым түскенін мәлімдеген болатын.

Германияның Экономика министрі Зигмар Габриель де бұдан бұрын Сауд Арабиясына Германиядағы әсірешіл топтарға қаржылай демеушілік жасауына қатысты ескерту жасаған болатын.

«WikiLeaks» интернеттік сайтының құжаттарында да Сауд Арабиясының 2010-2011 ж.ж. бүкіл әлемдегі әсірешіл топтарға қаржылай қолдау көрсеткені туралы атаған болатын.