Maм 07, 2017 15:05 Asia/Almaty
  • Иран президенттігіне үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихаттары жалғасуда

ИИР-дағы президенттік сайлаудың алты үміткері өздерінің әртүрлі үгіт-насихаттық бағдарламаларында Иранның қазіргі таңдағы мәселелерін шешуге байланысты өз бағдарламаларын ұсынды.

ИИР-дағы президенттік сайлаудың алты үміткері өздерінің әртүрлі үгіт-насихаттық бағдарламаларында Иранның қазіргі таңдағы мәселелерін шешуге арналған бағдарламаларын ұсынды.

Хасан Рухани Теһрандағы ғылыми-зерттеу кәсіпорнында өткен «Мұғалім, өндіріс және экономика» атты конференцияда халықтың арасындағы алшақтықты дұшпанның ықпал ететін аясы деп атап: "Ислам мен Иранның туы барлық адамдар мен мазхабтар үшін тыныштықтың туы болуы тиіс. Ал Иранның күш-қуаты мен мәдениеті көршілес және әлем елдерімен бейбіт өмір сүру үшін қажет",- деп мәлімдеді.

Мұхаммад Бағер Қалибаф Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігіне берген сұхбатында зейнеткерлерге арнайы құқықтық қызметтердің көрсетілуі туралы өзінің болашаққа арнаған бағдарламаларының бірін ұсынды.

Исхақ Джахангири де Иран Телерадио бірлестігі телеарнасындағы сайлауалды бағдарламасында "Тәуелсіздік, азаттық және Ислам республикасы" деген ұранды Ислам революциясының ең маңызды мақсаты деп баса айтып: "Революцияшылдық Иранның тәуелсіздігін қорғау және оның экономикалық қуатын арттыру деген мағынаны білдіреді",- деді.

Мұстафа Һашеми Таба Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігіне берген сұхбатында қарсыласу экономикасын Иранның экономикасын басқаруға арналған саясат деп атап: "Қарсыласу экономикасымен қатар жер және қоршаған ортасы мәселелеріне де тиісті түрде көңіл аударған жөн. Сонымен қоса, ауыл шаруашылығы саласына да өзгеріс енгізу қажет",- деді.

Мұстафа Ағамирсалим Теһрандағы Амир Кабир атындағы технологиялық университетінде сөйлеген сөзінде: "Контрабанда мәселесі Ирандағы жұмыс орындарының пайда болуы мен жұмыспен қамтуға кедергі жасап отыр. Егер біз бүгін құлдырау алдында тұрған шеберханалар мен зауыттарды сақтап қала алмасақ, басқалардың да жұмыссыз қалатын түрі бар",- деді.

Ибраһим Раиси Садат Теһранның оңтүстігіндегі Құм қаласында сөйлеген сөзінде Иранның қазіргі кездегі қауіпсіздігін халықтың елдің саяси істеріне ауқымды түрде қатысуына қарыздар деп сараптап: "Елдің ресурстары мен байлығын бағалап, бөгделерге сенім артпау, жұмыссыздық, кедейшілік және сыбайлас жемқорлықпен кесімді түрде күресу Ирандағы қазіргі қиындықтардың шешім жолдары",- деп баса айтты.

 

Тегтер