Германия Иранға Азадшахрдағы кеншілерді құтқаруға көмектесуге әзірлік білдірді
Сәрсенбі күні орын алған Азадшахр қаласындағы «Земестан Юрт» шахтасындағы жарылыс салдарынан 26 кенші қаза тауып, 70-тен астам адам жарақат алды.
Германия Сыртқы істер министрінің орынбасары Иранның Голестан облысындағы Азадшахрдағы кеншілерді құтқару ісі бойынша кез келген техникалық көмек көрсетуге әзір екендігін мәлімдеді.
Мәліметтерге сәйкес, шамамен тағы 30 кенші әлі шахтадан шыға алмай, қамалып жатыр. Оларды құтқару бойынша жедел жәрдем жұмыстары жалғасуда.
Германия Сыртқы істер министрінің орынбасары Маркус Эдерер сенбі күні Теһранда Иран Сыртқы істер министрінің Еуропа және Америка істері жөніндегі орынбасары Мәджид Тахтраванчимен кездесуінде Германия Сыртқы істер министрі Зигмар Габриельдің Азадшахрда болған қайғылы оқиғаға байланысты ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифке жолдауында жарылыс кезінде қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты.