Таяуда Теһран-Брюссель әуе жолы ашылады
(last modified Sun, 07 May 2017 17:21:41 GMT )
Maм 07, 2017 23:21 Asia/Almaty
  • Таяуда Теһран-Брюссель әуе жолы ашылады

Ирандық "Qeshm air" әуе компаниясының атқарушы директоры Теһрандағы Бельгия елшісімен кездесуде таяуда Теһран-Брюссель арасында тұңғыш әуе жолы ашылатынын хабарлады.

"Qeshm air" әуе компаниясының атқарушы директоры Махмуд Шокраби "Qeshm air" әуе компаниясының Еуропаға рейстер жасау үшін "TCO" рұқсат қағазын алған ирандық тұңғыш әуе компаниясы екендігін мәлімдеді. Теһрандағы Бельгия елшісі Теһран-Брюссель әуе жолын ашудың екі ел арасындағы байланысты кеңейтуде, атап айтқанда туризм өнеркәсібі мен мәдени, экономикалық әріптестіктерге және инвестиция салуға оң әсерін тигізетінін айтты.

 

 

Тегтер