Сайлауларға қатысу дұшпандардың алдында Иранның айбатына себеп болады
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі халықтың түрлі салаларға, әсіресе сайлауларға қатысуын Иран халқының мүддесінің сақталуы мен дұшпандардың алдында исламдық жүйенің айбатына себеп болатынын айтты.
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи жексенбі күні Иранның мыңдаған мұғалімдерін қабылдауда сайлауды ислам республикасы жүйесінде діни демократия идеясынан шыққан маңызды тақырып деп атап: «Барлық халықтың түрлі саяси талғамдармен 19 мамыр күнгі сайлауларға қатысуы Иранның айбыны мен айбаты және иммунитетінің сақталуының кепілі болып табылады. Осындай құзырмен дұшпан ешқашан Иран халқының алдында әрекет жасай алмайды.
Ислам республикасы жүйесінде "республика" "исламға" қосылған емес. Егер сайлаулар болмағанда, бүгін Иран ислам республикасынан еш белгі қалмас еді.
Дұшпанның дұшпандығын білдіруінің алдындағы жалғыз бөгет халықтың сахнаға қатысуы болып табылады, өйткені мықты және ақылды адами күш пен миллиондаған жас азаматқа ие 80 миллиондық елдің айбаты дұшпанның жүрегіне үрей- қорқыныш ұялатады.
Сайлаудағы негізгі әрі маңызды тақырып барлық халықтың дауыс беру орындарына келіп, ислам мен жүйені қорғауға дайын екендіктері мен Иранның иммунитетін сақтайтынын көрсету болып табылады» деді.
Хазірет аятолла Хаменеи сондай-ақ Білім министрлігін Иранда ғылым мен зерттеудің негізгі инфрақұрылымы деп атап: «Егер Білім министрлігі түзу бағдарламалар мен саясаттар бойынша әрекет жасаса, Иран ғылым мен зерттеу тұрғысынан бай болады» деді.