Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі халықтың сайлауларға қатысуы қажеттігін қуаттады
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі мыңдаған мұғалімдер мен педагогикалық жоғарғы оқу орындарының студенттері, мәдени қайраткерлер мен Иранның Білім және ғылым министрлігінің лауазымды тұлғаларын қабылдауында халықтың сайлауларға қатысу қажеттігін тағы да қуаттады.
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи жексенбі күні мұғалімдер апталығына байланысты өткізілген осы кездесуде сайлауларды өмірлік мәні бар және ислам республикасы жүйесіндегі халықтың діни билігі көзқарасынан шыққан тақырып деп атап: "Әртүрлі саяси көзқарасты ұстанатын барша халықтың мамыр айының он тоғызы күні өтетін сайлауларға қатысуы Иранның күш-қуаты, айбаты мен егемендігінің сақталуының кепілі болып табылады. Халықтың сайлауларға осылай белсенді түрде қатысуының арқасында дұшпан ешқашан Иран халқына қарсы ешбір әрекет жасай алмайды.
Дұшпанның дұшпандығын көрсетуіне қарсы жалғыз тосқауыл халықтың қоғамдық істерге қатысуы болып табылады.Себебі, мықты және ақылды 80 миллиондық адами күші мен миллиондаған жастары бар елдің айбаты дұшпанның жүрегіне үрей мен қорқыныш ұялатады",- деп баса айтты.
Ислам республикасы жүйесінің қырық жылға жуық өмір тәжірибесі мен халықтың сайлауларға қатысуы барша халықтың сайлауларға айбынмен қатысқанын және соның әсерінен халық билігі мен ислам республикасы жүйесінің күш-қуатының көбірек көрініс табатынын дәлелдеді.
Шын мәнінде, халықтың хабардарлық және ықыласпен сайлауларға қатысуы ислам республикасы жүйесінің қауіп-қатерлерге қарсы күш-қуатының ең маңызды көрсеткіштерінің бірі саналады. Иран халқы сайлауларға барынша қатысып, әр жолы осы күш-қуатты әлемге паш етіп, дауыс беру орындарына келуі арқылы жүйе тіректерінің нығаюына себеп болды. Сол себепті, ислам революциясының жетекшісі халықтың қатысуын Иранның күш-қуаты, айбаты мен егемендігін сақтау екендігін айтып: "Кімге дауыс беретініміз маңызды емес. Ең бастысы – баршаның сайлауларға келіп қатысуы және ислам мен ислам республикасын қорғауға дайын екендіктерін көрсетуі",- деп қуаттады.
Хазірет аятолла Хаменеи сөзінің келесі бөлімінде мұғалімдердің маңызды рөлін де баса айтты. Революция жетекшісі Иранның күш-қуаты мен дамуының негізі ғылыми ілгерілеушілік пен қоғамдағы жастарға қазіргі әлемдегі ақиқаттарға негізделген дұрыс білім беруге байланысты деген шындыққа сілтеме жасады. Осындай түйінді мәселенің негізінде ислам революциясының жетекшісі елдің білім беру жүйесінің деңгейін барлық деңгейде арттыру үшін әрдайым шынайы түрде инвестициялау қажеттігін қуаттады. Бүгінгі күні халықтарға билік етудің жолы соғыс емес. Егер қоғам жастарға білім беру жолында әлсіздік көрсетіп, қателік жіберсе, ол дұшпандарға жастардың санасы мен ойына алауыздық тудыруға мүмкіндік беру дегенді білдіреді. Мұндай жағдайда, оның салдары дұшпанның әскери шабуылынан да артық қиратушы күшке ие болмақ. Тарихта отаршыл алып державалар осындай тәсілді пайдалана отырып, ислам елдеріне үлкен соққылар берген. Ол кісінің ЮНЕСКО-ның 2030 құжатын сынға алуы дәл осы тақырыпқа жасаған сілтеме болып табылады. Үстемшіл жүйе әртүрлі әдіс-тәсілдермен мемлекеттердің болашақ ұрпағы үстемшілдердің ой-санасы, мәдениеті, көзқарасы мен талғамына, зиялы қауым мен саясаткерлердің де үстемшілдердің қалауындағыдай ойлап, әрекет етуі үшін талпыныс жасауда. Сол себепті, революция жетекшісінің бұл сөздері сайлау сахнасына қатысудың маңыздылығын түсініп, дұшпан жүйесінің жасырын мақсаттарын танып, үнемі назарға алып жүру секілді маңызды ақиқаттарды түсіндіру болып табылады деп айтқан жөн.