Экономика – Ирандағы президенттік сайлау үміткерлері насихаттарының басты тақырыбы
Ирандағы 12-ші президенттік сайлаудағы алты үміткер қоршаған орта, экономика және жұмыссыздық мәселелері туралы өз ұстанымдары мен саясаттарын баяндады.
Хасан Рухани өзінің насихаттық бағдарламасында Иранның солтүстік-батысы Урмиеде: «Әзірбайжан – Иранның басы, Урмие көлі Иранның әдемі көзі. Үкіметтің қолданған шаралары осы көл суының толуы мен жандануына себеп болды» деді.
Ибрахим Раиси Садат ақпараттық «Арнайы сұхбат» бағдарламасында өз бағдарламаларын баяндауда жұмыссыздықты шешетінін қуаттап: «Иранда жұмыссыздық дағдарысы шешілуі үшін миллиондап жұмыспен қамту керек. Жұмыспен қамту жолдарының бірі жабылып қалған 17 мың өндірістік шеберхананы ашу болып табылады» деді.
Мұстафа Һашеми Таба Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Ислам республикасының саясаты төзімділік, баяндылық және қарсыласуға негізделген. Егер бір ел шектен шықса, соның саясатымен үйлесімді шара қолданылады. Елдің бірінші басты бағдары Иранды сақтау болып табылады. Сондықтан ұраным Иранды сақтау деп қуаттаймын» деді.
Исхақ Жаһангири шетелдегі ирандықтардың әлеуеті мен мүмкіндіктерін пайдалану жөнінде тілшілерге: «Қазір шет жұрттағы ирандық көрнекті тұлғалар және данышпандармен байланыс орнату үшін бағдарлама жобаланған. Сонда олар Иранның университеттері мен елдің ғылыми жағынан дамуына көмектесе алатын болады» деді.
Мұстафа Аға Мирсалим Теһрандағы «Санате Шариф» университетінің студенттері алдында сөйлеген сөзінде: «Сыбайлас жемқорлыққа кесімді қатынас көрсету менің бағдарламаларымның қатарына жатады» деді.
Мұхаммад Бағер Ғалибаф Иран Телерадио бірлестігінің "Jam e jam" арнасында «Шетелдердегі ирандықтармен сауал-жауап бағдарламасында: «Иран халқының ең маңызды мәселесі экономикалық дағдарыс пен жұмыссыздық болып табылады. Менің жоспарым жұмыспен қамту тақырыбын қарастыру болып табылады» деді.