Рухани Өзбекстан Президентіне құттықтау жолдады
https://itolqyn.com/news/iran-i26952-Рухани_Өзбекстан_Президентіне_құттықтау_жолдады
ИИР Президенті Өзбекстан Президенті, үкіметі мен халқын Иран мен Өзбекстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 25 жыл толуымен құттықтады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Maм 11, 2017 15:54 Asia/Almaty
  • Рухани Өзбекстан Президентіне құттықтау жолдады

ИИР Президенті Өзбекстан Президенті, үкіметі мен халқын Иран мен Өзбекстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 25 жыл толуымен құттықтады.

Иран Президенті Хасан Рухани Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеёвке жолдаған хатында Иран мен Өзбекстан арасындағы тарихи және өркениеттік терең әрі ажырағысыз байланыстарды екі елдің қарым-қатынасындағы мықты тірек деп атап:

Иран мен Өзбекстан өткен жылдары екі ел арасында саяси-экономикалық және мәдени салалардағы әріптестіктерді дамытуда әсерлі қадамдар жасады.

Иран мен Өзбекстан қарым-қатынасын жан-жақты дамыту ортақ мүдделерді қамтамасыз етіп, аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуда айқын да мәңгілікке қалатын нәтижелер береді»,-деп қуаттады.