Теһран жұма намазының құтпалары
(last modified Sat, 13 May 2017 11:06:40 GMT )
Maм 13, 2017 17:06 Asia/Almaty
  • Теһран жұма намазының құтпалары

Теһран жұма намазының имамы Иран халқының әртүрлі саяси сахналарға қатысып, дауыс беру орындарына баруын халықтың күш-қуатының, айбыны мен Құдайға деген иманының көрініс табуы деп атады.

Казем Седиққи осы аптадағы Теһран жұма намазының құтпаларында Иран халқының өз діни наным-сенімдеріне байланысты дауыс беру орындарына баратындықтарына тоқталып: "Иран Ислам революциясынан кейін сахнаға саяси, экономикалық және мәдени ислам келді. Халық бар күштерін салып, өздері мен мемлекеттің тағдыры үшін сайлауларға қатысады",- деп мәлімдеді.

Теһран жұма намазынынң құтпагері Иранның дұшпандарына қаратып: "Иран басқа елдер сияқты долларларымен бүлік шығаратын, Иран Ислам революциясына зиян келтіретін ел емес",-деді.

Сонымен қатар, Теһран жұма намазының имамы Палестина қарсыласу қозғалысы ХАМАС-тың жаңа саяси құжатына сілтеме жасап: "Палестинаның барлық қарсыласу ағымдары 1967 жылғы шекараларды мойындамайды. Сионистік режим бұрынғысынша заңсыз режим болып қала береді",- деп баса айтты.