Президенттік сайлау үміткерлерінің экономика саласындағы соңғы пікірталасының алғашқы бөлімі өтті
(last modified Sat, 13 May 2017 11:18:10 GMT )
Maм 13, 2017 17:18 Asia/Almaty
  • Президенттік сайлау үміткерлерінің экономика саласындағы соңғы пікірталасының алғашқы бөлімі өтті

Ирандағы он екінші президенттік сайлаудың үміткерлері соңғы пікірталас кезінде экономика саласындағы өздерінің стратегиялары мен бағдарламаларын таныстырды.

Исхақ Джахангири бұл пікірталаста қарсыласу экономикасы шеңберіндегі тауар контрабандасымен күрес және импорт көлемін азайту туралы: "Өткен кезеңде елімізде тауар контрабандасы қатты күшейген болатын. Соңғы төрт жылда оның көрсеткіші 25 миллиард доллардан 12 миллиард долларға төмендеді",- деді.

Мұстафа Ағамир Салим мемлекеттің мұнайдан тыс табыстарға тәуелділігін азайту және мұнайдан тыс экспортты дамыту жайлы бағдарламасы туралы: "Иран үшін мұнай экспорты көлемін күніне 1 миллионнан 2 миллион 500 мың баррельге көтеру мақтанатын жағдай емес. Бұл қарсыласу экономикасына қарсы іс",- деді.

Хасан Рухани экспортты дамыту, шикізат сатудың алдын алу мен мемлекет бюджетінің мұнай табысына тәуелділігін азайту жайлы: "Банктерді күшейту арқылы даму бюджетін ұлғайтуды көздеп отырмыз",- деп мәлімдеді.

Мұстафа Һашемитаба өзінің өндірісті өркендеті және өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында тұрақты жұмыс орындарын құру бағдарламасы жайында: "Қарсыласу экономикасын жүзеге асыру үшін экспортты арттырып, шетелдік инвестицияларды тартып, банк ісі жөніндегі заңға түзету мен өзгертулер енгізіп, ынталы жұмыс күштерін пайдалану мәселелерін дамытуымыз қажет",- деді.

Ибраһим Раиси Саадат көмекқаржыларын мақсаттандыру туралы сауалға берген жауапта: "Көмекқаржы көлемін арттырумыз керек. Себебі, жанармай мен энергетикадан түсетін табыс артты. Сондықтан, осы саладан түскен табысты халыққа бөліп беруіміз қажет",- деді.

Мұхаммад Бағер Қалибаф елдің экономикасын ілгерілету жолындағы басымдылықтар жайлы: "Байлық пен ауқатты адамдарға салынатын салықтардағы үлесіміз өте аз. Егер осы салықтарды алатын болсақ, жұмыспен қамту және жұмыссыздық мәселелерін шеше аламыз деп сенемін",- деді.