Иран Пәкістанның Балучестан облысындағы лаңкестік амалдарды айыптады
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы ондаған адамның қаза болып, жарақаттануына себеп болған жұма күнгі Пәкістанның Балучестан облысындағы үкімет басшыларының кортежіне жасалған лаңкестік шабуылды айыптап, елдің үкіметі мен халқына көңіл айтты.
Parst Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Бахрам Ғасеми жұма күні кешке: "Аймақта лаңкестік әрекеттер мен тұрақсыздықтың етек жаюы өз мүдделерін ислам мемлекеттерінің бейберекет жағдайы арқылы анықтап, содан пайда табатын қаскүнемдердің жоспары мен астыртын әрекеттерінің салдары болып табылады",- деді.
Ғасеми ИИР-ның бірнеше рет кейбір көршілес елдердегі осындай ауыр, қатерлі әрі күннен-күнге шиеленісіп бара жатқан жағдайына қатысты ескерту жасап, ортақ ынтымақтастық жасауға әзірлігін мәлімдегенін айтты.
Пәкістанның Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Моулана Абдул Ғафур Хейдари отырған автокөлік жолында орын алған лаңкестік жарылыс салдарынан кемінде 15 адам қаза тауып, 35 адам жарақат алды.