Халықтың дауысы – дұшпанның алдындағы қорғаныс қалқаны
https://itolqyn.com/news/iran-i27048
Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Лариджани: «Халықтың 2017 жылдың 19 мамыр, жұма күнгі сайлауларға жаппай қатысуы дұшпанның қоқан- лоққылары алдындағы мықты қорғаныс қалқаны болады» деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 14, 2017 22:11 Asia/Almaty
  • Халықтың дауысы – дұшпанның алдындағы қорғаныс қалқаны

Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Лариджани: «Халықтың 2017 жылдың 19 мамыр, жұма күнгі сайлауларға жаппай қатысуы дұшпанның қоқан- лоққылары алдындағы мықты қорғаныс қалқаны болады» деді.

Иран мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани Иран халқының дауыс беру орындарына жаппай келуі қажеттігін қуаттап: «Сайлауларға ықыласпен қатысу  Иранның қауіпсіздігі мен жер тұтастығын қорғаудағы  мықты талабының нышаны және дұшпанның қоқан- лоққылары алдында қорғаныс қалқаны бола алады» деді.

Лариджани аймақ және әлемдегі қазіргі жағдайды күрделі деп атап: «Иран халқының сайлауларға жаппай қатысуының инвестиция тарту, жұмыспен қамту және ұлттық өндірістің ұлғаюында әсері зор болады» деді.