Ирандағы сайлаулардың үгіт-насихаттық жұмыстары 18 мамыр күні таңертең аяқталады
https://itolqyn.com/news/iran-i27090
Иранның сайлау штабының хатшысы: «Заң бойынша Ирандағы сайлау үміткерлері үгіт-насихаттық жұмыстарын жергілікті уақыт бойынша 18 мамыр күні таңертеңгі сағат сегізге дейін жасай алады» деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 15, 2017 20:49 Asia/Almaty
  • Ирандағы сайлаулардың үгіт-насихаттық жұмыстары 18 мамыр күні таңертең аяқталады

Иранның сайлау штабының хатшысы: «Заң бойынша Ирандағы сайлау үміткерлері үгіт-насихаттық жұмыстарын жергілікті уақыт бойынша 18 мамыр күні таңертеңгі сағат сегізге дейін жасай алады» деді.

Пурәли Мотлақ атқарушы делегациялар тарапынан дауыс жинау үшін бүкіл Иранда 63429-дан астам дауыс беру орындарының басқарылатынын айтып: «Дауыс беру орындарының көбі Теһран мен Иранның солтүстік-шығысындағы Хорасан Разави және Иранның солтүстігіндегі Мазандаран облыстарында. Ал Теһранның оңтүстігіндегі Құм қаласы мен Иранның батысындағы Илам және Теһранның батысындағы Қазвин облыстарында дауыс беретін орындардың саны аз» деді.