Maм 15, 2017 20:56 Asia/Almaty
  • Ирандағы сайлаулар – халықтың бірлігі мен ұлттық айбынның белгісі

Иран Сот билігінің төрағасы Иран ислам республикасындағы сайлауларды халықтың бірлігінің, азаттық және ұлттық сенім мен айбынның, сонымен қатар ұлттық қауіпсіздіктің белгісі деп атады. .

Иран Сот билігінің төрағасы аятолла Садық Амоли Лариджани дүйсенбі күні Теһранда Сот билігі басшыларының отырысында: «Сайлаулар ислам республикасы мен Иранның барлық халқы үшін тағдыр шешуші мәселе болып табылады. Өйткені, дауыс беру орындарына келу Иранның ұлттық айбыны мен ұлттық қауіпсіздігін жоғарылатады» деді.

Аятолла Садық Амоли Лариджани Иран халқының мамырдың 19 күні сайлауларға жаппай қатысатынын қуаттап: «Осы сайлаулар Иран ислам республикасының дұшпандар алдындағы күш-қуатын арттырып, олардың астыртын әрекеттерін залалсыздандырады.

Дауыс беруге қатысу Иран халқының бірлігіне көмектеседі. Бұл әлеуметтік үлкен байлық болып табылады» деді.

Ирандағы 12- ші президенттік сайлау қалалық және ауылдық ислам кеңестері сайлауының бесінші шақырылымымен орайлас алдағы жұма күні өтеді.

 

 

Тегтер