Maм 16, 2017 14:28 Asia/Almaty
  • Ирандағы президенттік сайлау бәсекесінде Қалибаф Раисиды қолдады

Иранның 12-ші президенттік сайлауының үміткері Мұхаммад Бақер Қалибаф мәлімдеме жасап, өз жақтастарын президенттік сайлаудың келесі үміткері Ибрахим Раиси Садатты қолдауға шақырды.

Мұхаммад Бақер Қалибаф дүйсенбі күні мәлімдеме жасап: «Революция майданында бірлік болу үшін маңызды шешім қабылдау керек. Сондықтан  бұл үлкен мақсатты қорғау үшін Иранның әртүрлі аймақтарындағы барлық жақтастарымнан  Ибрахим Раиси Садатқа дауыс беріп, «Жұмыс пен жомарттық» үкіметінің билік басын келуін қолдауды сұраймын»,- деп жариялады.

Иранның 12-ші президенттік сайлауының келесі үміткері Мұстафа Хашемитаба дүйсенбі күні  Хасан Руханиды қолдайтынын жариялап: «Қазіргі үкіметті қолдап, дауысымды Хасан Руханиге беремін»,- деді.

 

 

Тегтер