Maм 16, 2017 22:35 Asia/Almaty
  • Халықтың сайлауларға қатысуы – қоқан-лоққылар алдындағы ең үлкен тежегіш фактор

Иранның Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрі халықтың 19 мамырдағы сайлауларға жаппай қатысуын үстем жүйенің қоқан- лоққылары алдындағы ең үлкен тежегіш фактор деп атады.

Сардар Хосейн Деһқан аймақтағы жағдай мен АҚШ, сионистік режим және Сауд әулеті режимінің араб «НАТО- сы» қалпында аймақта дағдарыс, соғыс және қантөгісті жалғастыру үшін жоспарлаған қауіпті астыртын әрекеттеріне сілтеме жасап: «Алдағы сайлауларда бірлік, тұтастық және ұлттық құдыретті көрсет арқылы Иран осы содырлық астыртын әрекетті залалсыздандырды.

Халықтың жұма күні ерлікпен дауыс беру орындарына келуі ислам революциясының өміріне кепілдік беріп, Иранның ілгерілеушілігі мен абырой- беделінің жалғасуына себеп болады» деді.

Он екінші президенттік сайлау мен қалалық және ауылдық ислам кеңестерінің бесінші шақырылымының сайлаулары 2017 жылы 19 мамыр күні өтеді.

 

 

Тегтер