Иран келешекте мұнай өндірісінің мөлшерін тұрақты сақтап қалғысы келеді
Иранның Мұнай министрі: «Иран күнделікті 4 миллион баррель мұнай шығару деңгейіне жеткен кезде мұнай өндірісінің мөлшерін тұрақты сақтап қалуға қатысты халықаралық кеңесулерге қатысады»,-деді.
Пресс ТВ арнасының мәліметі бойынша, Бижан Намдар Зангене журналистердің алдында Ресей Энергетика министрі Александр Новактың дүйсенбі күні Теһранға сапармен келетіндігі және ынтымақтастық пен Иранның мұнай шығару мөлшерін тұрақты түрде сақтап қалу туралы кеңесулердің өтуі мүмкін екендігіне тоқталып: «Иран күнделікті 4 миллион баррель мұнай өндіру деңгейіне жетпей тұрып оның мөлшерін арттыруды тоқтатпайды»,- деп мәлімдеді.
Иранның Мұнай министрі өткен айда мұнайдың әлемдік бағасын нығайту үшін оны өндіру мөлшерін тұрақты ұстауға келіскен Ресей, Сауд Арабиясы мен Венесуэлла және Қатарға сілтеме жасады.
Зангене мұнайдың әр баррелінің бағасының 70 доллар болуы Иран үшін тиімді ме деген сұраққа берген жауапта: «70 доллар қолайлы баға, бірақ қазір Иран бұдан төмен бағаға да риза. Тіпті бұл бағаға қол жеткізілмесе де Иран үшін қиындық тумайды» деп жауап берді.