Maм 17, 2017 15:59 Asia/Almaty
  • Сайлауға халықтың 70 пайыздан астамы қатысады

Иранның Ішкі істер министрі: «Соңғы сауалнамаларға сәйкес, алдағы жұмада өтетін сайлауда Иран халқының 72 пайызы қатысатыны туралы болжам бар. Бұл сан күннен күнге артуда»,- деді.

Иранның Ішкі істер министрі Абдулреза Рахмани Фазли сейсенбі күні Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің екінші арнасына берген сұхбатында: «Иран халқының 56 410 234 азаматы дауыс беру шарттарына ие. Сондай-ақ шамамен 1 500 000 адам қалалық және ауылдық ислам кеңестері сайлауларын өткізіп, сайлау үдерісін бақылауға қатысады»,- деді.

Рахмани Фазли 350 000 адамның сайлау қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндеттелгенін мәлімдеп: «Жұма күні өтетін сайлаулар үшін 63429 дауыс беретін бөлімше, соның ішінде 14000 жылжымалы жәшік дайындалды. Дауыс беру аяқталған соң олар Иранның Ішкі істер министрлыгі мен Сақшылар кеңесіне тапсырылады. Президенттік сайлаудың дауыстары саналған соң, нәтижесін заң бойынша елдің Ішкі істер министрі жариялайды.

 

 

Тегтер