Зариф: Иранның зымырандарын сынақтау өткізуі ядролық келісімге қайшы емес
(last modified Mon, 14 Mar 2016 12:13:24 GMT )
Нау 14, 2016 18:13 Asia/Almaty
  • Зариф: Иранның зымырандарын сынақтау өткізуі ядролық келісімге қайшы емес

Иран Сыртқы істер министрі Иранның зымырандарын сынақтау өткізу ісінің ядролық келісімге қайшы еместігін мәлімдеді.

Оңтүстік-шығыс Азия мен Тынық мұхит елдері сапарының жалғасында Жаңа Зеландияда жұмыс сапарымен жүрген Иранның Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сол елдің радиосына берген сұхбатында: «Ислам республикасы аймақтың басқа елдерімен салыстырғанда қорғаныс жүйелері үшін аз қаржы жұмсайды.

Теһран өзінің қорғаныстық жүйесін дамытуды жалғастыратынын әрдайым мәлімдеп келеді. Қорғаныс жабдықтарының ядролық қаруға қатысы жоқ. Иран бұл салада мықты кепілдік ұсынды.

Ислам республикасы ешбір елге шабуыл жасаған емес және келешекте де жасамайды. ИИР еш уақытта ядролық қаруға ие болуды мақсат еткен емес. Өткен сәрсенбіде сынақтан өткізілген ұшақтар ядролық оқтұмсықтарды тасымалдауды мақсат еткен жоқ»,- деді.

Зариф сонымен бірге Иранның Сирияға қатысты ұстанымы туралы: «Аймақтағы қатерлі жағдайда Теһран Дамаскке лаңкестік ДАИШ тобымен күресуге қолдау көрсетеді және бұл елдің мәселесі саяси жолмен шешіледі деп санайды» деп баса айтты.