Жұма күні өтетін сайлау – исламдық демократияның жаңа әрі тартымды ойының көрінісі
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сəрсенбі күні Иранның мыңдаған халқымен кездесуінде Иранда жұма күні өтетін сайлауды ұлттық мереке, халықтың ұлы ерлігі жəне əлем жұртшылығының көз алдындағы исламдық демократияның жаңа, тартымды ойының көрінісі деп атады.
Ислам революциясының жетекшісі: "Иранда жұма күні өтетін сайлауларды АҚШ пен Еуропаның басшылары мен түрлі аппараттары жəне АҚШ-тың соңынан еретін аймақтағы үкіметтер мен сионистік режимнің басшылары жіті бақылайтын болады. Олар Иран халқының қалай және қандай рухпен әрі қандай көлемде сайлау майданына кіретінін көргісі келеді",-деді.
Бүгінде Иранда сайлауға қатысты көңіл-күй орнаған. Салтанатты сайлау өткізуге бəрі дайын. Ирандағы президенттік сайлаудың он екінші кезеңі қалалар мен ауылдардағы исламдық кеңестерге сайлаудың бесінші кезеңі жəне Иран Ислам кеңесі мəжілісінің оныншы кезеңінің алғашқы кезеңаралық сайлауымен бір мезгілде жұма күні, яғни 2017 жылы 19 мамырда өтеді. Қазір салтанатты сайлаудың басталар уақытын кері санау басталды. Барлық назар осы сайлауға аударылған. Өткен бірнеше аптадан бері үгіт-насихат алаңы сайлауға үміткерлердің қолында болды. Үміткерлер сайлауалды пікірталастар мен үгіт-насихат алаңдарында өздерінің бағдарламаларын таныстырып, оны қорғады. Бұл кезең сайлау кеңістігінде айтарлықтай белсенді көңіл-күй қалыптастырды. Сайлауалды белсенділікті екі жақтан көруге болады: бұл ағымның бір жағында сайлауда дауыс беру арқылы өз тағдырын шешетін халық, екінші жағында ауыр бəсекелестік сахнасына аяқ басқан үміткерлер тұр. Бұл кезеңді көптеген отандық жəне шетелдік ақпарат құралдарының назары ауған сайлаудың ең сезімтал кезеңі деп айтуға болады.
Ислам революциясы жетекшісінің сəрсенбі күнгі баяндамасында айтылғандай, еркін де бəсекелестікке толы сайлау өткізу үкіметтері АҚШ-тың қолдауы мен үстемдігіндегі аймақтағы халықтар үшін бір арманға айналған. Ал Иран халқының саяси сахна мен сайлау учаскелеріне баруының жолдауы олардың ИИР жүйесіне сенім артып, қызығушылық танытатынын білдіреді.
Сайлауды ұйымдастырушылар мен жауапты тұлғалардың сайлаудың барынша таза, қауіпсіз əрі тыныш кеңістікте өтуін қамтамасыз етуге талпыныс жасап жатқаны күмəнсіз. Қауіпсіздік пен тəртіп сайлаудағы өте маңызды екі тірек саналады. Бұл халыққа таза және қауіпсіз кеңістікте сайлау учаскелеріне баруға, бəрінен маңыздысы, берген дауыстарының сақталып, қорғалып, бұрмаланбайтындығына сенімді болуға мүмкіндік береді.
Ислам революциясының жетекшісі осыдан бұрын сайлауға қатысты барлық органдардың жауапты тұлғалары мен қызметкерлерінің алдында жасаған баяндамасында: "Халықтың дауысы – аманат. Осы ауыр аманатты сақтаңдар. Біреудің оған қол сұғуына жол бермеңдер",-деп айтқан болатын. Аятолла Хаменеи заңды нақты, бұзбай, әрі жалтақтаусыз сақтауды Құдайдың ризалығына ие жақсы сайлау өткізуге қажетті нәрсе деп атап, соңғы жылдарда айтып келе жатқан мына сөзін қайталады: «Халықтың дауысы – халықтың құқығы. Егер біреу халықтың құқығына қол сұқса, сазайын тартады».
Халықтың дауысына иек арту – шын мәнінде исламдық Ирандағы демократияның көріністерінің бірі. Иранда Ислам революциясы жеңіске жеткеннен бірнеше ай өткен соң 1979 жылы сәуір айында референдум өткізу арқылы Иран халқының дауысымен Ислам республикасының жүйесі құрылды. Содан кейін де Иранда орташа есеппен алғанда жыл сайын бір сайлау өткізілді. Осындай демократиялық үдерістің жалғасуы халықтың сайлауға салтанатты түрде қатысып келе жатқанын көрсетеді. Осы тұрғыдан Ислам революциясының жетекшісі халықтың дауыс беру учаскелеріне жаппай баруы қажеттін айтып: «Жұма күні қай адам көп дауыс жинаса да, сайлаудың басты жеңімпазы Иран халқы мен Ислам республикасының жүйесі болмақ»,-деді.