Иранда президенттік сайлау үміткерлерінің үгіт-насихат науқаны аяқталды
(last modified Thu, 18 May 2017 08:47:22 GMT )
Maм 18, 2017 14:47 Asia/Almaty
  • Иранда президенттік сайлау үміткерлерінің үгіт-насихат науқаны аяқталды

Иранда президенттік сайлау үміткерлерінің үгіт-насихат науқаны жергілікті уақыт бойынша бүгін, бейсенбі күні таңертең сағат 08:00-де аяқталды.

Хасан Рухани Иранның солтүстік-шығысында орналасқан Мешхед қаласындағы жақтастары алдында сөйлеген сөзінде ертең Иран халқының тағдыры анықталатын күн екенін айтып: «Елдің ықтияры Иран халқының қолында. Барлық жауапты тұлғалар Иран халқының қызметшісі болуы керек»,-деді.

Ибраһим Раиси де Мешхедтің Шохада алаңындағы жақтастары алдында сөйлеген сөзінде: «Халықтың абырой-беделін сақтай отырып, жұмыс орындарын арттырамыз. Елде жылына 1 млн жұмыс орнын ашамыз»,-деді.

Мұстафа Ағамир Салим Иран Телерадио бірлестігінің екінші арнасының «Арнайы  сұхбат» бағдарламасына берген сұхбатында: «Жұмысты ашық жүргізу халық пен жүйенің сенімін тудырады. Ал сенімнің төмендеуі әріптестік пен ынтымақтастықтың болмауына әкеліп соқтырады. Әріптестік пен қоғамдық бақылаудың болмауы жемқорлықтың таралуына себеп болады»,-деді.

Мұстафа Һашемитаба  Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Президенттік сайлауда жеңген адам да, жеңілген адам да заңға бағынуы керек»,-деді. Ол, сондай-ақ, Иранның барша халқын жұма күнгі сайлауға қатысуға шақырды.