Иран СІМ зымырандық бағдарламаның жалғасатынын қуаттады
(last modified Thu, 18 May 2017 09:02:48 GMT )
Maм 18, 2017 15:02 Asia/Almaty
  • Иран СІМ зымырандық бағдарламаның жалғасатынын қуаттады

Иран СІМ мәлімдеме жариялап: «Иранның зымырандық бағдарламасы бар күш-қуатымен жоспар бойынша жалғаса береді»,-деп қуаттады.

ИИР СІМ бейсенбі күні АҚШ үкіметінің бірқатар ирандық компаниялар мен жеке тұлғалардың есімдерін зымырандық санкциялар тізіміне енгізуіне реакция білдіріп, өз мәлімдемесінде жеке және құқықтық тұлғардың АҚШ-тың трансшекаралық заңсыз әрі біржақты санкциялар тізіміне енгізілуін айыптап, оны қабылдауға келмейтін және халықаралық құқықтарға қайшы шара деп атады.

Иран СІМ елдің қорғаныс қабілетін арттыру үшін заңды құқыққа ие екенін айтып: «ИИР егемендігі, саяси тәуелсіздігі мен аумақтық біртұтастығын сақтау мақсатында халықаралық міндеттемелері мен №2231 қарарға ешқандай қайшылығы жоқ зымырандық бағдарламасын бар күш-қуатымен жоспар бойынша жалғастыра береді»,-деп қуаттады.

ИИР СІМ, сондай-ақ, АҚШ үкіметінің заңсыз шарасына жауап ретінде  9 америкалық жеке тұлға мен компанияны «ИИР-ның санкциясы салынған жеке және құқықтық тұлғалар тізіміне» енгізді. Бұлар бұрын сионистік режимнің басып алынған Палестина жерінде адамзатқа қарсы қылмыстар жасауына тікелей немесе жанама түрде атсалысу арқылы халықаралық гуманистік құқықтарды бұзған, тәкфирлік лаңкестікті қолдаған, аймақ халықтарын басып-жаншу немесе ИИР-ның ұлттық қауіпсіздігіне қарсы әрекеттерге әсерлі түрде атсалысқан адамдар болып табылады.