Ислам революциясының жетекшісі сайлауда дауыс берді
Ислам революциясының жетекшісі Теһрандағы имам Хомейни (ғ.с) атындағы хосейниеге келіп, президенттік сайлаудың он екінші кезеңі мен қалалық және ауылдық ислам кеңестері сайлауының бесінші кезеңіне қатысып, дауыс берді.
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сайлауды маңызды мәселе деп атап, Иран халқына ертерек дауыс беру орындарына келіп, сайлауға жаппай қатысуға кеңес берді.
Ислам революциясының жетекшісі президенттік сайлаудың маңыздылығын баса айтып: "Еліміздің тағдыры халықтың қолында. Себебі атқарушы биліктің басшысын сайлағалы отырмыз",- деді.
Ол кісі сондай-ақ қалалық және ауылдық ислам кеңестері сайлауын да маңызды деп атап: "Бұл сайлауда қала мен ауылға қызмет жасап, халықтың күнделікті тұрмыстағы істерін басқаратын адамдар сайланады. Халық сайлауға ықылас және таныммен қатысуы тиіс",- деп баса айтты.