Maм 20, 2017 15:01 Asia/Almaty
  • Иранның президенттік сайлау нәтижелерінің екінші бөлімі жарияланды

ИРИ президенті сайлауының он екінші кезеңі нәтижелерінің екінші бөліміне сәйкес, 22 миллион астам дауыс жинаған Хасан Рухани әлі де топ бастап келеді.

Иранның Орталық сайлау штабының төрағасы Али Асғар Ахмади сенбі күні тілшілерге берген сұхбатта Ирандағы президенттік сайлау нәтижелерінің екінші бөлімін жариялап: "Осы уақытқа дейін 40 076 729 дауыс саналды. Соның ішінде 38 914 470 дауыс дұрыс болып шықты.

Хасан Рухани 22 796 468, Сейіт Ибраһим Раиси Садат 15 452 194, Мұстафа Ағамир Салим 455 211, Мұстафа Һашеми Таба 210 597 дауыс жинады",- деп мәлімдеді.

 

Тегтер