Иран аймақтың барлық елімен серіктестік жасауға әзір
Иран Сыртқы істер министрі Зариф бір мақалада Иранның аймақта бейбітшілік орнату мақсатында аймақтың барлық елімен серіктестік жасауға әзірлігін жазды.
ИСНА агенттігінің сенбі күнгі мәліметіне сәйкес, Иран СІМ Мохаммад Джавад Зариф Америка президенті Дональд Трамптың Арабстан сапарымен бір мезгілде және Иранның аймақтық ұстанымдары мен саясаттарын түсіндіруде «Ал-Араб ал-джадид» газетінде жариялаған мақаласында: «Иран бейбітшілік пен халықаралық серіктестікке жауапты барлық елдер мен аймақ пен көршілес барлық елдерден мақсаттары аймақта адами апат қалыптастыруды көздейтін саясаттарға қарсы тұруды сұрайды» деп жазды.
Дональд Трамп сенбі күні Америка президенті ретіндегі өзінің шетелдік сапарының алғашқы кезеңінде Арабстанның астанасы Риядқа келді.
Әскери қару-жарақ сату және сауда-экономикалық бірнеше келісімшартқа қол қою Трапмтың Рияд сапарының мақсаттарының қатарын құрайды.
Америка президенті сонымен қатар Риядта лаңкестікпен күрес деген желеумен исламдық бірқатар елдің басшыларымен, соның ішінде Парсы шығанағы серіктестігі кеңесінің басшысымен кездесіп, аймақта қарсыласу өзегімен күресу туралы сұхбаттасады деп жоспарланған.